02
May
2017
Мектеп тарихы
1993 жылы Кеңарал орта мектебі болып ашылып, 1996 жылы 6 сәуірде №384 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы бойынша Көксу ауданының Кеңарал орта мектебіне Сындыбала Қырықбаева аты берілді. Мектеп шағын жинақталған, мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп болып табылады.
2016-2017 оқу жылында 83 бала дәріс алады. 23 оқу үздігі және 20 оқу екпінділері бар. Білім сапасы 53%-ды көрсетіп отыр, үлгерімі 100%. Мектепте 10 сынып комплектісі және 1 мектепалды даярлық тобы бар. Мектепте бала саны аздығынан 10-сынып жоқ. Шәкірттердің дұрыс білім алуына толық жағдай жасалуда. Мектепте 1 спорт зал, футбол алаңы, 1 волейбол алаңы, 1 информатика кабинеті, 29 компьютер, 1 интерактивті тақта орнатылған, 1 медбике кабинеті бар. Мектепте 1 кітапхана, 2 қыздар, ұлдар шеберханасы, 10 кабинетте оқушылар дәріс алады. 20 мұғалім қызмет етеді, оның 18-і жоғарғы білімді, 3-і арнаулы орта. Жоғарғы санатта мұғалімдер жоқ, 1 санатта – 3 мұғалім, ІІ санатта – 6 мұғалім. Мектепте шағын орталық жұмыс жасайды, онда 2 тәрбиеші, 15 бала тәрбиеленуде.