Желілік қоғамдастық бойынша есебі » Жетісу облысы Көксу ауданы С.Қырықбаева атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"С.Қырықбаева атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
10
September
2019

Желілік қоғамдастық бойынша есебі

С.Қырықбаева атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектептің 2019-2020 оқу жылындағы өткен

 Желілік қоғамдастық бойынша есебі


С.Қырықбаева мектебінде 2019-2020 оқу жылында 24 мұғалім және 2 тәрбиеші жұмыс істеді. 22 мұғалім жоғарғы білімді, 2 арнаулы орта. Өткен оқу жылында мектеп тренерлері саны - 3, І- деңгейдегі мұғалімдер саны- 2, ІІ- деңгейдегі мұғалімдер саны- 1, ІІІ –деңгейдегі мұғалімдер саны- 5 болды.   Зерттеуші мұғалім- 1, педагог- сарапшы – 4, педагог-модератор- 9 болды.

                 Мектепте желілік қауымдастық жоспары құрылып, бекітілген. Заманауи қоғамның тіршілігінде қоғамдастықтың маңызы күннен күнге артып отыр. Қазіргі заманғы ұйымдар кәсіби қоғамдастқтың білім жіне инновациялық алмасу үдересінде маңызды екендігін атап көрсетуде. . Кәсіби қоғамдастықтың мектеп жұмысының ілгерілеуіне ықпалы зор екеніне көз жеткізеді. Сондықтан біз жұмысты желілік қоғамдастықты құрып, басқа мектептегі көшбасшылармен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы орындаса ғана оның нәтижесі жақсы болатынын білеміз. Мектепте құрылған ынталы топтың жұмысын бақылау, оларға бағыт, бағдар беру барысында  жұмыстар жүргізілді.Жоспар бойынша қауымдастықтың мүшелерінің міндеттері бөлініп, мақсаттары айқындалды.Тәлімгерлік пен тәлім алушылар арасындажас педагог құзыреттілігін дамыту мәселелері бойынша зияткерлік және шығармашылық әлеуетін сабақтарында жұмыс істеу, зерттеу және тәжірибелік қолдану тиімді әдістерін бағыттау, оқушылармен жұмыс істеу деңгейі әртүрлі ынталандыру қамтамасыз ету; оқушылардың бүкіл сабақ бойы рефлексия мен өзін-өзі бақылау көзделді. Мақсаты:  Мектептегі тәлімгерлік қызметті жетілдіру және педагог қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыра отырып, инновациялық  бағытта қызмет ететін талантты ұстаздарды қолдау.

Қазан айында мектеп тренері, І деңгей мұғалімі Г.Қ.Тайкен «сын тұрғысынан ойлау» тақырыбында коучинг- сессия ұйымдастырды. Оның мақсаты: Сессия қатысушылары сын тұрғысынан ойлау модулі бойынша білетін мәліметтермен бөліседі, сабақта қолдануға қолайлы   әдістерімен танысады, өз  тәжірибесінде қалай  қолдануға болатының түсінеді.

Күтілетін нәтиже:Сабақ соңында мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау модулін сабақта қолдану өте қажет екенін түсінеді. «Блум таксономи»   және «Ақылдынын алты қалпақ» әдісін сабақтарында қалай қолдануға болатынын түсінеді.

Тақырыпты анықтау үшін бейнероликтегі мультфильм көрсету «Луна». 

-        Көрген мультфильм бойынша не айталасыздар?

-        Бүгінгі коучинг- сессияның тақырыбы қандай деп ойлайсыз?

-        Осы тақырып бойынша не білгілеріңіз келеді?

/мақсатты анықтау/

«Сын тұрғысынан ойлау» тақырыпты түсіну бойынша мен қазір қай жерде тұрмын (Блоб ағашын толтырғызу) коучингке дейін.(қара түспен) Блоб ағашы толтырылды.


Блоб ағашыБлоб ағашын толтыру сәті


«Письмо по кругу» әдісі Тақырып бойынша тындаушылардын білімдерін анықтау. Топтардағы бір адам бір параққа «сын тұрғысынан ойлау»  деп жазады, содан көршісіне парағын береді. Ол параққа тақырып бойынша білген бір сөйлем жазады. Парақтарды бір- біріне ауыстырып береді. Бірінші адам болған сон оқып берді.



Мини презинтация «Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз ...» Топтар флипчартқа презинтация жасап таныстырды.Блум таксономия туралы презинтациямен таныстыру.


Таксономия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos — заң). 

Таксономия – олардың (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.

Таксономия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға, құндылыққа ие бола алMayтындығына негізделген.


Блум таксономия   Түсіндіру сәті

Қорытындысы: Эдвард де Боно “Ойлаудың алты қалпақтары”

Презинтациямен таныстыру.

  • Эдвард де Боно кім?
  • Эдвард де Боно – әлемде креативтілік және ойлау дағдыларына оқыту саласындағы танымал сарапшы, бүйірлік ойлау тұжырымдамасының және соған негізделген бизнес-тәжірибеде, шығармашылық жұмыста және оқытуда қолданылатын «Ойлаудың алты қалпағы», CoRT, Direct Attention Tools, т.б. әйгілі әдістемелердің авторы, британдық психолог, жазушы.
  • Эдвард де Боно 1933 жылы Мальтада дүниеге келген. Мальта университетін бітіргеннен кейін, Оксфордта психология, физиология және медицинаны зерттейді, сонан кейін әлемнің озық - Оксфорд, Кембридж, Лондон және Гарвард университеттерінде қызмет атқарды.



                                                       «Алты қалпақ» түсіндіру сәті  


                                                                 «Алты қалпақ»

                                    


                                                               Топтар жұмыс үстінде   

                                                                              Жұмыс барысы
Тренердін

рефлексиясы

Коучинг- сессияға мұғалімдер толық қатысты, өте қуандым. «Сын тұрғысынан ойлау» коучинг тақырыбын мультфильм көру арқылы тез анықтады. Бейнеролик көрсету тиімді болып шықты. Teachers қызығушылық танытып, бірден қөрген мультфильмды талқылады.  Презентация қорғаған кезде мұғалімдердің тақырып бойынша түсініктері бар, сабақта сын тұрғысынан ойлауға үйрететін әдістерді қолданып жүргені анықталды. 

   «Блум Таксономия» және «Ақылдының алты қалпағы» тұралы Абилов Нурлан, Алпыспекова Гүлбаршын, Оразахунов Малик өте жақсы білетіндері қөрінді. Осы мұғалімдер коучинг- сессия барысында басқаларға жақсы көмек көрсете білді. 

Teachers алты кіші топтарға жиналған кезде бір топта: Салтанат, Жайдар және Жоламан топтасты. Бұл үш мұғалімге тапсырма орындағанда қиын болды, өйткені үшеу де тақырып бойынша түсініктерінің  төмендігінен,  өз сабақтарында қолданылMayтындары көрінді.  Келесі коучинг- сессияны жоспарлағанда  осындай жағдайларды ескеру қажет. 

    Рефлексияны «Блоб ағашы» арқылы алдым. Барлық мұғалімдер тақырып бойынша бірнеше сатыға көтерілгені көрінді. Тақырыпты жақсы түсінгендерін, болашақта өз сабақтарын да қолданатындарын  айтты.



Feedback  
Қорытынды

Teachersдің коучингтерге қатысуы белсенді болды. Коучингтер нәтижесінде әрбір ұстаз өз іс- тәжірибесіне жаңа сипаттағы өзгерістер енгізді деген үміттеміз.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив