04
октябрь
2017
«Мен- өз елімнің патриотымын» тақырыбы аясында Білім сабағының өтілуі туралы мәлімет
С.Қырықбаева орта мектебі бойынша Білім күні қарсаңында 1-10 сыныптар бойынша ең алғашқы сынып сағаттарын «Мен- өз елімнің патриотымын» тақырыбында өткізілді. Алғашқы Білім сабағын 2017-2018 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында «Мен – өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша Білім сабағын өткізуге әдістемелік ұсынымдаманы негізге ала отырып сабақ жоспарлары жасалынды. Сабақ мақсаты: Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұрағаттары жүйесін иеленетін білім алушы- патриот тәрбиелеу. Әр сынып тақырыпқа сай безендіріліп Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту бейнеленген плакаттар, нақыл сөздер ілінді. Сонымен қатар Мемлекеттік Гимні ойналып, «Атамекен», «Менің Қазақстаным» әндері шырқалды. Әдістемелік ұсынымда көрсетілгендей 1-ші концентрі: 1-4 сынптар «Мен кіші Отанымның патриотымын», 2-ші концентрі: 5-7 сыныптар «Мен- мәдени ұлттық игіліктер патриотымын», 3-ші концентрі: 8-9 сыныптар «Мен- Патриот- Азамат» тақырыптарын ашу мақсатында тапсырмалар әзірленіп өткізілді. Сабақ екінші кезеңде практикаға бағытталған құрылымға сәйкес өткізілді: білу – түсіну – қолдану. Инновациялық технологиялар, әдістер «Идеялар себеті», «Блумның алты сатысы» «Ыстық орындық» әдісі, «Кластер», «Синквейн жазу», «Ақыл картасы», «Түрлендірілген дебаттар», «Жобалау пікірталасы» интерактивті тәсілдерді пайдалана отырып өткізді.
[center]
[center]